jasqazaq.kz

Жарыстың үшінші күні: «Сұңқар» командасы бірінші орын иеленді

03 ақпан, 22:04

Дубайда Тhe UAE SWAT Challenge 2025 халықаралық жарыстары жалғасуда. Polisia.kz хабарлағандай, онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының арнайы бөліністерінің қызметкерлері бақ сынап жатыр.
«Сұңқар» бөлінісінің жауынгерлері жарыстың бірінші және үшінші күндерінің нәтижелері бойынша көш бастап, жеңісті жолды жалғастыруда. Қазақстан ІІМ қызметкерлері «офицерді құтқару» деп аталатын үшінші кезеңнен сәтті өтіп, атыс дайындығы мен жауынгерлік ептілігін көрсетті. Нәтижесінде олар барлық сынақты 2 минут 11 секундта аяқтады. Полицейлер сайыста сынға түсіп жатқан әріптестерінің видеоларымен бөлісіп, қолдау көрсетіп жатыр. Отандастарының жеңісіне Дубайда жүрген біздің азаматтар да қуануда. Қазақстандағы көрермен де турнирді тікелей эфирде тамашалауда. «Бізді қолдаған жандардың бәріне рақмет. Жерлестердің лебізі бізге күш-жігер сыйлайды», — деді жауынгерлер. Естеріңізге сала кетейік, турнирдің бірінші күні де «Сұңқар» командасы «алтын» жеңіп алған болатын. Үш күннің қорытындысы бойынша ІІМ командасы турнирдің жалпы кестесінде екінші орынды иеленіп тұр. Одан бөлек, үздік он команданың арасында Ұлттық ұлан, «Sardar B» (МКҚ) және ҰҚК-ның екі командасы (Arystan Team және SSN Aktau) бар. Өткен жылы «Сұңқар» жауынгерлері ұйымшылдығымен ерекшеленген еді. Қатысушылардың бірі аяғын сындырып алғанына қарамастан, команда мәре соңына дейін жетіп, көрерменнің көзайымына айналған болатын.
Сурет: polisia.kz

26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды
17 желтоқсан, 14:07
Алматы жастары экомәдениетті қалыптастыруда көш бастап тұр