jasqazaq.kz

Жарық үшін ақша жинайтын жалған тексеруші

22 желтоқсан 2016, 17:01

Павлодарда өзін «Су арнасы» мен «Электр орталығы» маманы деп таныстырған ер адам екі қартты алдап соққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы ер азамат Павлодар қаласының 81 жастағы тұрғынына өзін «Электр орталығы» маманы деп таныстырып, үйіне кірген.

ҚазАқпарат хабарлағандай, есептеуішті қарап, қарт адамды 80 мың теңге қарызыңыз бар деп сендірген. Бұған қоса, дәл қазір ақшасын төлемеген жағдайда жарықты сөндіріп кететінін ескерткен. Алаяқтың сөзіне сеніп қалған қария үйдегі 55 мың теңгені қолына ұстата салған. Десе де, артынан күмәнданып, полиция қызметкерлеріне телефон шалған. Айта кетерлігі, осыдан бірнеше күн бұрын дәл осы адам өзін «Су арнасы» маманы деп таныстырып, тағы бір адамнан 10 мың теңге қаржат алған. Көп ұзамай ізіне түскен полиция қызметкерлері алаяқты құрықтады. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты іс сотқа жіберілді.

 

27 наурыз, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету