Жапония билігі журналистер “қара жесір” деп атап кеткен 70 жастағы Чисако Какехиді өлім жазасына кесті. Ол өзінің үш күйеуін улап өлтіріп, досына қастандық жасамақ болған.
Бұл туралы France-Presse жазды.
Тергеу барысында әйелдің өз күйеулерін жәрдемақы алып отыру үшін улап өлтіргені анықталған. Осылайша әйел үш марқұмның арқасында 8,8 млн доллар көлемінде жәрдемақы алып үлгерген.
Дәрігерлер әйелдің ақыл кемістігі бар екеніне қарамастан, сот оны қатаң жазалауды дұрыс деп тапқан. Сол себепті, ол өлім жазасына кесіліп отыр.