Атырауда жаппай төбелескендердің кім екені анықталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz. «6 желтоқсанда шамамен 13:25-те Атырау қаласындағы «Привокзальный» ықшамауданында жасөспірімдер арасында жанжал шығып, артынша төбелес болды.
Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысқан барлық адам анықталды. Ата-аналарымен профилактикалық әңгіме шаралары жүргізілді. Кәмелет жасына толмаған алты баланың ата-анасына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 435-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады ІІД өкілдері. Еске салайық, Атырау полициясы жаппай төбелескендерді іздестіріп жатыр, оқиғаның видеосы Желіде таралды. Видео @zello_atyrau паблигінде жарияланған. Кадрлардан бірнеше жасөспірімнің бір жігітті жерге құлатып алып, сабағанын көруге болады. Олар ұрып, теуіп жатқанда көшедегілер ажыратуға келген. Атырау облыстық ІІД өкілдері ұрып-соққандардың аты-жөнін анықталып жатқанын айтты. «Осы дерек бойынша заңды шаралар қабылданады», — деп хабарлады полициядағылар.