Жапонияда жойқын зілзала болып, 200-ден аса адам зардап шеккен, үш адамның қаза тапқаны расталды, — деп хабарлайды РИА Новости NHK телеарнасына сілтеме жасап. Қолда бар мәлімет бойынша, қаза тапқандардың ішінде 9 жастағы қыз бар.
Рихтер шкаласы бойынша магнитудасы 6,1-ге тең жер сілкінісі бүгін таңғы уақытта болған. Жерасты дүмпулері жапон жүйесі бойынша алтыдан жетіге дейінгі аралықта болған.