jasqazaq.kz

Жапониядағы зілзала (видео)

22 қараша 2016, 11:12
 99367daacbea42dc079fbd14ea841caf-122 қараша күні, жергілікті уақытпен сағат 05:59-да (Астана уақыты бойынша 02:59) Жапонияның Фукусима шығыс перфектурасының маңында (Хонсю аралы) 2011 жылдан бергі ең күшті жер сілкінісі болды. Жапонның NHK телеарнасының мәліметінше, оның магнитудасы 7.3-7.4 болды.

Көз жұмғандар мен зардап шеккендер және келген шығын туралы әлі ақпарат жоқ.

photo_31735

tengrinews.kz хабарлағандай, жағалау маңындағы бірқатар елді мекендерде цунами қаупі жарияланып, адамдардың биік орналасқан жерлерге көшу керектігі айтылды. Толқын биіктігі үш метрге дейін барады деп болжанған. Дегенмен, жер сілкінісінен кейін кей жерлерде толқын 1,4 метрге дейін, ал Фукусима атом станциясы маңында бір метрге дейін ғана көтерілді.

Жапониялық метеорологиялық агенттіктің өкілі Кодзи Накамура жер сілкінісінің ошағын көрсетіп тұр. © Reuters

Елдің солтүстік-шығысында «синкансэн» жедел пойыздары уақытша тоқтатылды. Ондаған әуе рейстері шегерілді.

Куәгерлер сейсмикалық толқыннан су деңгейі көтерілген өзен ағысы ауысып, кері аққанын телефонның камерасына түсіріп алған.

Сонымен қатар, Желіге теміржол вокзалдарының дірілдеп тұрғаны түсірілген видеолар да орналастырылған.

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік