jasqazaq.kz

Жапон техникасы iPhone X-ті басып озды

21 қараша 2017, 16:02

2017 жылдың үздік техникаларының тізімі жарияланды. Time түзген тізімде бірінші орынды Nintendo Switch атты жапондық ойын құрылғысы алды. Құрылғы 6,2-дюйм экранды планшет, Joy-Con геймпадынан тұрады, деп хабарлайды Today.kz.

Осы жылдың үздік техникалық жаңалығы тізімінің екінші орнында iPhone X тұр. Сарапшылардың пікірінше, қолданушылардың шағымы мен бағасының қымбат болғанына қарамастан, дәл осы техника екінші орынға лайық.

Үздік үштікті Microsoft корпорациясының Surface ноутбугі түйіндейді. Ұзақ уақытқа шыдайтын қуаты мен салтанатты дизайны осы техникаға үштіктен орын берген.

Сарапшылар тізімнің төртінші сатысына DJI Spark мини-квадрокоптерін жайғастырған. Samsung Galaxy S8 – бесінші орында.

2017 жылдың үздік 10 гаджетінің ішінде Super Nintendo Entertainment System (SNES) Classic ойын құрылғысы мен Amazon Echo аудиокалонкасы, Xbox One X консолі мен Apple Watch 3 ақылды сағаты және Sony Alpha A7R III фотокамерасы бар.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті