jasqazaq.kz

Жануарларды қорғайтындардың өздері аң аулаған

25 қазан 2017, 13:59

Қызылордада жануарларды қорғау мекемесінің бес қызметкері заңсыз аң аулаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Биыл 20 қазанында Арал аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының және «Охотзоопром ӨБ» РМҚК қызметкерлері бірлескен рейд жүргізді. Нәтижесінде Қазалы ауданының аумағында УАЗ автокөлігімен Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-нің 5 қызметкері ұсталды», — делінген ІІД хабарламасында. Тексеру барысында автокөлік ішінен 1 дана қос ұңғылы 12 калибрлі аңшы мылтығы, 22 дана дайын оқ, 1 дана шаппа пышақ және 39 дана қоян өлі денесі бары анықталған. Қазіргі танда бұл дерек ҚР Қылмыстық көдексінің 335-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірынғай тізіліміне тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс