Чемпионшиптің 19-турында «Престон Норт Энд» клубына қарсы ойын көрсеткен «Норвич» ағылшын футбол клубының жанкүйері резервтегі төрешіні алмастырды.
Матч соңында қапталдағы арбитрлердің бірі жарақат алып, оның орнын төртінші арбитр басты. Бірақ бұл кездесуде төртінші арбитр қарастырылмаған болып шықты. Ойынның бас төрешісі Тим Робинсон футболшыларды жинап, ойынды тоқтатпақ болған. Алайда «Норвич» жанкүйерлерінің бірі резервтік төрешінің орнына өзі сұраныпты. Джинса мен күртеше киген жанкүйер бас төрешінің рұқсатымен арбитрді алмастырды. Футболшының алмасқанын жариялап, ойынға 10 минут қосылғанын көрсеткен ол 10 минуттан астам минуттай төрелік етті.
https://youtu.be/IwaDJZa08M8