Жанболат Сүйінбай: Бұл өнер бабамнан дарыған

19 қыркүйек, 12:23


Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылының тұрғыны, қолөнер шебері Сүйінбай Жанболат Тасболатұлының ат әбзелдерін өндіріп келе жатқанына 30 жылдың жүзі болыпты. Jasqazaq.kz тілшісі мәдени мұрамызды дәріптеп келе жатқан жанның оқырмандарға тереңдей таныстыру үшін тілдескен еді.

«1992 жылдан бастап әкемнің жанына еріп ұстаханасынан шықпайтын едім. «кемнің нағашы атасы Оспан қарияның қолынан шыққан бұйымдары көздің жауын алатын, қараған кісі қызығып, сатып алмай кетпейтін шебер болыпты. Сол кісінің де зергерлігі дарыған шығар деп пайымдаймын. Нағашысының шеберханасында ер шабуды үйренген әкем кейін есейген соң ұсталықты кәсіпке айналдырып, отбасын асырады. Бүгінгі күнде қайтадан салт-дәстүрімізді жаңғыртып, санамызда сілкініс болғаны қуантады», — дейді шебер.

Қолөнер шебері ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өрісін ұлғайту жолында жиі-жиі көрме мен саяхат ұйымдастырған дұрыс дейді.

«Қаланың баласы түгілі, бүгінде ауылдың балалары да ат әбзелдерін күнделікті қолданып жүрмегендіктен біле бермейді. Ер тоқым деп жалпылама айтылғанымен, ердің астына салынатын тоқымның, ішкіліктің, құйысқан, өмілдіріктен, үзеңгі баудан тартып қанжығаға дейін өзіндік атаулары болатынын жастар ажырата алмай жатады. Ер-тұрманды ағаш түрлерінен шауып та, түрлі ағаш қиындыларынан құрап та жасап шығуға болады. Ең мықтысы — ағаштан шабылған ер тоқым. Бір ер-тұрманды әбзелдерімен дайындау үшін бір ай уақытымызды сарп етеміз», — дейді Жанболат Тасболатұлы. Ертеде ата-бабаларымызың байлығы, мырзалығы, сал-серілердің атақ-абыройы, беделі астындағы атынан ғана емес, тақымындағы ерінің әсемдігімен де айшықталғанын айтады шебер. Айылдың өзін күміспен күптеп, алтынмен әдіптеп көмкеріп жасалатынын, өмілдіріктің эстетикалық шебер талғамнан шыққаны сондай адамдардың көзі бірден аттың омыруындағы өмілдіріккке түсетінін жеткізді.

«Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет ғұрпында жүген-ноқта ілінген босаға бәле-жала жуымайтыны туралы айтылар аңыз көп. Жапан жалада адасқан жолаушы түнде қасқырдан қорыну үшін, жылан шағып алмасын деп айналасын шылбыр-тізгінмен шеңберлей қоршап қояды. Жылқының иісі сіңген затқа жылан жуымайды» деген шебер Жанболат Тасболатұлы ырымшыл қазақ халқы өмірге ұл ғана емес, қыз баласы келгенде де шеберлерге бір тоғыз бастатқан еңбекақысын беріп, ашамай ер жасатып отырғанын айтады. Бұғанасы бекіп, буыны қатайған бала алдымен ашамай салынған тайына міну арқылы ат құлағында ойнауды игерген. Ұмыт бола бастаған ашамайға да ара-тұра тапсырыс берушілер бар көрінеді.

Жазып алған Қуан Көшек

Бүгін, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?