jasqazaq.kz

Жаңаталап тұрғындары Жолдауға қолдау білдірді

13 қазан 2022, 20:39

Шымкент қаласының Абай ауданы Жаңаталап тұрғын алабында Президент Жолдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті. «AMANAT»  партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары М.Қалмұратов, Абай аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Е.Бертаев, қалалық мәслихат депутаты М.Жолдықожаев Жолдаудағы басым бағыттарды атап берді.

Кездесуде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру мәселелері, саналы ұрпақ тәрбиелеу, адам капиталын дамыту мәселелері талқыға түсті.
Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Оразәліұлы еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және жаңа технологияға негізделген экономика құру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына және  Жолдауда айтылған 5 бағдарға жеке-жеке тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында елді мекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту, жолдардың сапасын арттыру мәселелері қозғалды.
«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты қалыптастыру арқылы азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалып, олардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетінін айтып, жиынды қорытындылады.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда. Бүгін ақпарат-насихат тобының мүшелері «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы Шымкент химия компаниясының жұмыскерлерімен жүздескен болатын.

Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Баршагүл Исабек Президент Жолдауында көтерілген тақырыптарды атап өтіп, қарапайым еңбек адамына тиер пайдасына тоқталды.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының біріккен отырысында жасаған Жолдауында негізгі бес тақырыпты көтерді. Соның ішінде ел өмірінің экономикалық-әлеуметтік саласына баса назар аударылып отыр. Мысалы, қазіргі таңда экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, шағын және орта кәсіпті дамыту маңызды болып тұр. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орны бөлек. Көптеген жұмыс орны осы жоба аясында іске асырылуда. Ал әлеуметтік даму дегенде ойға, ең алдымен, денсаулық сақтау саласын дамыту, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының өсуіне мораторий жариялау, бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзарту сияқты жаңашылдықтар оралады. Мұның барлығы ел игілігі үшін орындалатын тапсырмалар, – деді Баршагүл Қашқынқызы.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті