Жанармай станциясынан қару-жарақ табылды

05 шiлде 2023, 18:06

Жаркент қаласындағы жанар-жағармай құю станциясынан қару-жарақ сақталған орын табылды.
Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қос ауызды шолақ мылтық, сондай-ақ 9 патронмен бірге «STREAMER 1014» травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Табылған қару сараптамаға жіберілді.
«Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оған негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде басқа құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге саламыз», — деп мәлім етті Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:10
Абайдың өлеңдерін жатқа оқитын полицей
09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары