Жанар Жеңіс, профессор: Алматыдағы жастардың ғылымға қызығушылығы артып келеді

18 мамыр 2023, 16:40

Алматыдағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғылыми-технологиялық паркі мен ғылыми-зерттеу лабораториялары бар. Оқу ордасында Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы да инновациялық жаңашылдықты жүзеге асырып отыр. Бұл орталықта «Өсімдік шикізаты негізінде инновациялық өнімдерді әзірлеу» жобасы қолға алынды. Жобаның авторы – профессор Жанар Жеңіс. Ғалымның жетекшілігімен қолға алынған жоба барысында елімізде тұңғыш рет Қазақстан жерінде өсетін дәрілік һәм азықтық шөп қоспаларының бірнеше түрін қамтитын табиғи тұнба әзірлеп шығарды. Бұл тұнба түрлері тұмау сырқатына, ЖРВИ-ға қарсы иммунитетті көтеріп, бауыр және басқа да ағзалардың жұмысын жақсартады. Біз инновациялық орталықтың жетекшісі профессор Жанар Жеңіс ханыммен сұхбат құрып, отандық ғылыми жетістіктерді ілгерілету жайында әңгіме өрбіттік.

– ҚазҰУ қалашығында өзіңіз басқаратын ғылыми-зерттеу орталығы туралы кеңірек таныстырып берсеңіз.

– Бұл бағытта 20 жылдан аса ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп келемін. Негізгі бағыт — шөлді, шөлейтті, құмдауыт жерде өсетін өсімдіктердің емдік қасиетін зерттеу. Бертін келе қазақтың ұлттық медицинасында ежелден қолданылып келе жатқан емдік өсімдіктерді зерттеуді қолға алдық. Тек Қазақстанда өсетін, ғылыми тілде эндемик деп айтамыз, сондай типтегі өсімдіктерді зерттеуді жүргізіп, құрамы мем биологиялық белсенділігін зерттеп келеміз. Денсаулықты нығайтып, иммунитетті көтеруге арналған ұлттық өнімдерді шығаруға негізделген орталық болып саналады.

Жас ғалымдарымыздың талабын ұштау мақсатында фармацевтикалық өндіріс технологиясы деген мамандық ашылған, осы мамандықты меңгшерген студенттер өндірістік тәжірибені осы орталықтан өтіп, ғылыми бағыттағы жұмыстарын іске асырады.

– Емдік қасиеті мол өсімдіктерден жасалатын дәрі түрлерінің дайындалу процесін айтсаңыз.

— Емдік өсімдіктердің фитохимиялық құрамы мен фармакологиялық қасиеттерін зерттеп, құрылымын, биологиялық белсенділігін анықтап болған соң ғана орталықта ботаникалық, биологиялық белсенді қоспа түрінде шығарамыз. Өсімдіктерді кептіру, ұнтақтау, тұнбасын тұндыру дозалық яғни дәрілік формасын жасау сапалық сараптау, қаптап қораптау сынды жұмыстарды жүзеге асыру барысында шет мемлекеттен әкелінген қондырғыларды пайдаланамыз. Өсімдіктің сапалық құрамын анықтау кезінде сараптамалық қондырғының пайдасы көп. Қытай, Жапония, Корея елдерінен әкелінген аппараттарда дәрілік, емдік өнімдеріміз әзірленеді. Фитошайлар, биологиялық белсенді қоспалар түйіршік түрінде немесе шәрбәт түрінде шығарылады. Өнімдеріміз кептіріліп, ұнтақталып, түрлі қалыпқа сай құйылып, сатылымға шығарылады. Табиғи өнімдердің жасалу технологиясында ағзаға тигізетін әсері, сіңуі зерттеліп, қатаң сараланады.

– Отандық ғылыми жетістіктерді ілгерілету ісіне өздеріңіз де қомақты үлес қосып келесіздер. Өндіріс орталығында қанша адам жұмыс істейді, жастардың ғылымға деген қызығушылығы қаншалықты?

– Орталықта онға жуық маман бар. Олардың барлығы да түрлі ғылыми жобаларға қатысқан, тәжірибе жинаған білікті ғалымдар. Жастардың ғылымға деген қызығушылығы зор. Мысалы, докторантурада оқитын Айдана Құдайбергенова деген шәкіртім Қазақстанда өсетін емдік қасиеті мол өсімдіктердің тері ауруларына тигізер әсерін зерттеп жүр. Аустралияның Гриффит университетінде тағылымдамадан өтіп келді. Жас ғалымдарымыз шетелдің жетекші оқу орындарынан тәжірибе алмасып келген соң өзінің ғылыми еңбегін жетілдіре түседі. Айдана тері ауруларына ем болатын 20-ға жуық өсімдіктің тұнбасын зерттеп, солардың арасынан ең белсенді, емдік қасиеті жоғары өсімдік түрін тереңінен зерттеді. Келешекте жас ғалымдарымыз тері ауруларына мыңда бір ем болатын дәрілерді жақпа май ретінде де шығаруды көздеп отыр. Тағы бір шәкіртім дәрілік һәм азықтық (төрт түліктің азығына жарайтын) өсімдіктерді өсіруді де қолға алып зерттеп келеді. Мемлекет тарапынан ғылымға кейінгі уақытта айрықша көңіл бөлініп, жастардың қызығушылығы да артып келеді. Біздің орталықты естіп келетін алматылық жас ғалымдардың да саны көп. Олар өздерінің ғылыми жетістіктерін, жаңалықтарын өрістетіп, елімізідің игілігіне үлес қосуға ұмтылады. Ғылым іздеген, білім қуған жастардың талпынысы көңіліңді өсіреді. Мемлекеттің қарыштап дамуы оның ғылымына тікелей байланысты.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл