jasqazaq.kz

Жаңа заң бойынша полиция кімдерді 48 сағаттан артық ұстай алады?

16 қазан 2017, 14:04

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов жаңа заң бойынша кімді 72 сағат қамауда ұстауға болатынын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Құқық қорғау қызметі туралы жаңа заң жобасы бойынша, күдіктіні қамауда ұстау уақыты ересектер үшін 72 сағаттан 48 сағатқа, ал кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа дейін қысқарады. «Заңға қайшы әрекеттерді болдырмау үшін ауыр істерге қатысты ғана 72 сағат қалдырылды. Бұл лаңкестік және экстремистік, жаппай тәртіпсіздік, топпен жасалған қылмыс, есірткі айналымы, педофилия, адам өлімі және шалғай жолға байланысты күдіктіні судьяға жеткізе алмай жақтан жағдайлар бойынша қалдырылды», — дейді Ахметжанов заң жобасын Мәжілісте таныстырып. Сонымен қатар, жаңа заң жобасында экономикалық қылмыс үшін күдіктіні қамауға алмау ұсынылды. Еске салайық, мұның алдында Бас прокурор Жақып Асанов Қылмыстық-процесуалдық кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу аясында күдіктілерді ұстау уақытын 72 сағатан 48 сағатқа азайтуды ұсынған. Сонымен бірге, құпия түрде өтетін жедел әрекеттер прокуратурадан сот жүйесіне өтеді.

27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті