Жаңа түскен келін қолхат жазды: «Өз неммен келдім. Ешкімге нем жоқ» (Видео)

26 шiлде 2023, 15:34

Әлеуметтік желіде жас келіннің қолхат жазып отырған виедосы тарады. Онда орамал таққан қыз өз еркімен келін болып келгенін жазады. Өзін ешкім мәжбүрлемегенін, күйеу жігіттің үйіне өз еркімен келгенін, ешкімге шағымы жоқ екенін қағазға түсіреді.
Бұл оқиға Жетісай ауданында болған. Көпшілік оқырмандардың сөзінше, жас қызды сол үйдің баласы келін етіп алып қашып келген.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада: «Аталған бейнежазбадағы жайт бойынша Жетісай ауданының полицейлері бірден тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Асықата кентінің 24 жастағы тұрғынына 20 жастағы қыздың өз еркімен тұрмысқа шыққаны анықталды. Жас қызбен сұхбаттасу барысында, ол ешкімге қояр арыз-шағымы жоқ екенін, ешқандай заң бұзушылық болмағанын жеткізді», — делінген.

Пікір жазғыштар: «ХХІ ғасырда не деген алып қашу?», «Не үшін алып қашады?», «Өз еркімен келмеген, мына енесі мәжбүрлеп отыр, бұларды статьямен қамап тастау керек», «Ертең күйеуінен таяқ жесе, өкініп қалады-ау» деп жазып жатыр.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды