Жаңа оқу жылында №65 мектеп-гимназиясы жаңа ғимаратпен қамтылады

15 шiлде 2023, 14:55

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына ерекше тоқталған болатын. «Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек» — деді Президент.

Шымкент қаласында Мемлекет басшысының оқушыларды сапалы біліммен қамту жайлы тапсырмасы аясында жаңа мектеп құрылысы мен қосымша ғимарат құрылысары қызу жүріп жатыр. Мәселен, жаңа оқу жылында мектеп ұжымы мен оқушыларды жаңа оқу ғимаратымен қуанту мақсатында қаладағы №65 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясына қосымша жапсаржай салынуда. Қазіргі уақытта 1251 орынға арналған №65 мектепте 3567 оқушы білім алуда. 600 орынға арналған қосымша оқу корпусын салудағы негізгі міндет — оқудың 1-сатысындағы оқушылар үшін оқу орындарының санын көбейту.

Сайрам шағын ауданында орналасқан жаңа оқу ғимаратының құрылысы қалай жүріп жатыр? Осы сұрақты алға тартқан қала әкім Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыстың жай-күйімен танысты. Жалпы алаңы 5 мың шаршы метрді құрайтын құрылыс жұмысы кестеге сай жүргізіліп жатыр,
Ғимарат үш қабатты, 2 блоктан тұрады, мұнда 0-4 сынып оқушылары оқытылады деп күтілуде. Жалпы оқу ғимаратында 25 оқу сыныбы бар, сыныптар 24 оқушыға шақталған. Мектептің бастауыш сынып бөлігінде 50 педагог сабақ беретін болады. Оқушыларға 220 орындық асхана және спортзал қамтылған. Сонымен бірге нысанның үшінші қабатында 16 оқу орны, 3 компьютер орны бар 10 мың кітап қорына арналған кітапхана, шахмат клубы қарастырылған.

Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы ескі балабақшалар қайта жөндеуден өтіп, жаңа келбетке ие болады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің таратқан ақпаратына сәйкес, қала бойынша жаңадан ашылған мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар жаңа ғимараттарға орналасқан. Дегенмен, қаладағы ескі балабақшалар бұл күнде күрделі жөндеуді қажет етеді, Соның бірі құрылғанына 55 жыл болған №3 бөбекжай-бақшасы қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Мерей Әлімбек

09 тамыз, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды