jasqazaq.kz

Жаңа министр қазақ тілінен мүдірді (видео)

14 ақпан 2018, 16:11

Күні кеше еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Мадина Әбілқасымова қазақ тілін білмейтін болып шықты. Ол қазақша сауалдарға жауап бере алмай, тілшілерден қашып кетті, деп хабарлайды  31 арнаның жаңалықтар қызметі.

Өткен аптадағы отырыста президенттен тек ескерту алып, жылы орындарында қалғаннан кейін бе Үкімет мүшелерінің көңіл күйлері жақсы. Қызметімен қоштасқан жалғыз шенді Тамара Дүйсенованың орнын басқан су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова тіптен көңілді. Шенеуніктің мәз болатындай жөні бар секілді. Премьерге экс-министр 5 жыл шеше алмай президенттен сөз естіген жұмыссыздар мәселесін аз уақытта реттеймін деп баяндады. Ол үшін заңға өзгеріс енгізіп, өзін өзі белгісіз жұмыспен қамтып жүрген 3 миллион азаматты ресми тіркеп, оларға мемлекетке салық төлетпек.

Үкімет отырысында бастан аяқ орысша сөйлеген Әбілқасымова тілшілердің сауалдарына мемлекеттік тілде жауап бере алмай қиналды. Оның орнына хатшысы жауап беріп, басшысын жетектеп алып кетті. Министр жақын арада дайындалып, 3-4 айдың көлемінде қазақ тілінде сұхбат беретінін айтып сендірді.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды