jasqazaq.kz

Жаңа Конституция — Әділетті Қазақстанның іргетасы

03 наурыз, 18:06

Шымкент қаласында жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіруге арналған ашық кездесулер жалғасуда. Осындай кездесулердің бірі қалалық кардиологиялық орталықта ұйымдастырылып, денсаулық сақтау саласының өкілдеріне жаңа Конституция мен алдағы референдумның негізгі қағидаттары мен маңызы түсіндірілді.
Кардиоорталық ұжымы алдында А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің профессоры Еркінбек Жалбұров сөз сөйледі. Ол осыдан отыз жыл бұрын қабылданған қолданыстағы заң қазіргі қоғамның сұранысына толық жауап бере алмайтынын, сондықтан жаңа Конституция қабылдау қажеттілігі туындағанын атап өтті.
«Негізгі идея қарапайым: мемлекет азаматқа қызмет етеді. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін. Сондықтан 15 наурызда өтетін жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум Қазақстанды ауқымды жаңғыртудың бастамасы болмақ. Бұл жай ғана рәсім емес, әрбір адамның қоғамдағы орны айқындалған жаңа жүйені қалыптастыру», — деді Еркінбек Жалбұров.
Спикер құжаттың мазмұнына жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, арнайы комиссияның жұмысы және азаматтардан түскен ұсыныстарды талдау нәтижесінде мәтіннің 84 пайызы жаңартылған. Бұл әділеттілік пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын толық енгізуге мүмкіндік берген.
«Бастапқыда жекелеген толықтырулар енгізу жоспарланған еді. Алайда халықтан түскен ұсыныстар легі өте ауқымды болғандықтан, комиссия елге жаңа Конституция қажет деген қорытындыға келді. Жаңа мәтінде 11 бөлім және 96 бап бар. Құжаттың преамбуласы да толықтай қайта қаралып, онда Әділетті Қазақстан идеясы, шекаралардың мызғымастығы және инновациялар мен ғылымға бейілділік бекітілген», — деп түсіндірді Еркінбек Жалбұров.
Профессор әрбір азаматтың келешек ұрпақ алдындағы жауапкершілігіне ерекше назар аударды.
«Біз — Қазақстанның біртұтас халқымыз. Байырғы қазақ жеріндегі мыңжылдық тарихымыздың сабақтастығын сақтай отырып, болашақ ұрпақ алдында үлкен жауапкершілік жүктейміз. Әрқайсымыз түсінуіміз керек: біз жай ғана құжатты емес, елдің алдағы ондаған жылдарға арналған даму жолын таңдаймыз», — деп түйіндеді спикер.
Қазіргі таңда Шымкенттің барлық ұйымдары мен аудандарында өтіп жатқан осындай ашық талқылаулар тұрғындарға маңызды сұрақтарға сарапшылардан тікелей жауап алуға мүмкіндік беруде. Ашық диалог — әрбір қызметкердің үні ескерілетін, халықтың пікіріне құлақ асатын мемлекетті қалыптастырудың нақты тетігіне айналуда.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін толғандырған барлық сұрақтарға жан-жақты жауап алып, жаңа Конституцияны қолдайтындықтарын білдірді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады