jasqazaq.kz

«Жан әке» жастарға ой тастайды

18 қантар 2023, 15:20

Әке. Осы бір ұлы сөздің қазіргі таңда титтей де қадыры қалмаған ба дерсің. Киелі өнер ордасы М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры сахналаған «Жан әке» қойылымын көріп осындай ой түйдік. Шығарма француз жазушысы Флориан Зеллердің сахналық нұсқасынан алынған.

Қазақ тіліне аударған халық әртісі -Тілектес Мейрамов. Сахналық нұсқасын дайындап, әрі басты рөлді сомдаған еліміздің еңбек сіңірген әртісі — Болат Әбділманов.

Қойылымда біз шарасыз қарияны, ақылсыз қызды, дүниені көксеген күйеу баланы, зұлымдықты іске асыруға жәрдемшіні көреміз.

Қария бірде балаша алданады, алаңсыз ән салады, би билейді. Көрерменді күлдіреді. Бірақ қарияның осы әрекеттерінің артында зіл қасірет көрініп тұрды. Жарынан айырылған ақсақал. Кіші қызын шетелге ұзатып, күдерін үзген әке. Үлкен қызынан үміт күткен әке. Қойылым соңында қария қарттар үйінің бір бөлмесінде жалғыз қалады. Небір қиындықты өткізген әкейдің бақытты шағы туса екен деп отырасың. Қызына ақыл кіріп, әкесін қарттар үйінен алып кетсе екен дейсің. Күйеу баласы зұлымдығы үшін жазасын алса дейсің. Бірақ бұл үміт ақталмайды. Әкесін қарттар үйіне өткізген қыз сол күйі оралмайды. Қарияны бір кездері күтушісі болған жалғызбасты келіншек келіп, ауылға алып кетеді. Бірақ өз үйі емес, өзге үйде қарт әке бақытты бола ма екен? Түрлі ой жетегінде кетіп, жауабын іздейсің.

Шығармадағы басты рөлді Болат Әбділманов сомдаса, үлкен қызы Айжанды Майра Әбсадықова, ал күйеу баласын – Бауыржан Манжігітов сомдайды. Қарттар үйінің күтушісі Лоланы – Айша Ағымбай ойнаса, ақыр соңы қарияны ауылға алып кететін күтушіні Гүлшат Тұтова ойнайды.
Қойылымның жастарға айтары мол. Ата-анасын қарттар үйіне тапсыратын ұрпақты тек театр сахнасынан ғана көрейік!

Мақпал Ноғайбаева

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды