jasqazaq.kz

Жәмиға Таңатарова: Әділетті Қазақстанды құру жоғымызды түгендеуден басталады

16 қыркүйек 2024, 12:51

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ер Тұранның бесігі саналған киелі жері Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Әділетті Қазақстанды құру ортақ аманат екенін баса айтқан болатын. Халқымызды бір мақсат, бір мүддеге ұйыстыратын Ұлттық құрылтайдың негізгі тақырыбына айналып, көпшіліктің талқысында сараланған әділеттілікті орнату арқылы біз ел тыныштығына сызат түсірмей, Тәуелсіздігімізді шайқалтпай, іргесін бекіте түсеміз. Елдің келешегі үшін кемел істерді жүктейтін құрылтайдың басқосуында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихи әділеттілік орнасын десе, өткенімізді қайта саралауға баса мән беру қажеттігін ескертті. Кейінгі жылдары архивтерден табылған құнды деректердің кітап болып басылып, зерделенуі тиіс екені тапсырды.

Осы орайда jasqazaq.kz тарих ғылымдарының докторы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры Жәмиға Таңатаровадан Әділетті Қазақстанды құру жолында тарих саласындағы жаңашылдық туралы айтып беруін өтінді.

«Өздеріңіз білетіндей, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында Әділетті Қазақстанды құруды тек билік тізгінін ұстаған тұлғаларға ғана артып қоймай, тұтас қоғам болып орнату қажеттігін еске салды. Біз тарихымызды түгендемей, өткенімізге оралып, өшкенімізді жандырмасақ, есеміздің кеткені кеткен. Сондықтан да Мемлекет басшысы ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту өте маңызды екенін атап өтті. Экономикалық әлеуеті қарқынды дамыған елдердің қай-қайсына да зер салып қарар болсаңыз, өздерінің тарихын толықтай зерттеуге, соны насихаттауға ерекше күш салады. Бізде Қазақстан тарихын қайта жаңғыртып, жаңа ғылыми ұстанымдарға сай әзірленген көп томдық жинағы әлі күнге дейін жарық көрмегені қынжылтады. Мұны Мемлекет басшысы да ескертті. Әділетті Қазақстанды құру жолында осындай олқылықтар мен кемшіліктерді бүтіндеуде білек түріп еңбек ету маңызды. Қазақстанның академиялық үлгідегі жаңа тарихын жазу туралы көтерген Президенттің бастамасының нәтижесінде үлкен сең қозғалды», — дейді Жәмиға Таңатарова.

Мемлекет басшысының: «Біз сан ғасырлық тарихымызды мақтан етеміз. Тамыры терең төл шежіреміз – халқымыздың мәдени кодының өзегі. Оны жан-жақты зерттеп, ой елегінен өткізуге және барынша дәріптеуге қажетті жағдай жасауымыз керек. Бұл – мемлекеттің негізгі міндетінің бірі» деген бағдары Әділетті Қазақстанның негізгі ұстанымы саналатыны сөзсіз.

Қуан Көшек

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды