jasqazaq.kz

Жамбыл облысындағы жетімдер үйінде бала саны азайған

06 қараша 2017, 11:36

Жамбыл облысында жетім балаларға арналған ұйымдардағы тәрбиеленушілердің саны 50%-ға дейін төмендеді , деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жеткіншектерді отбасылық тәрбиеге берудің инновациялық түрлерін дамытудың нәтижесінде мүмкін болып отыр. Сонымен қатар 5 жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға арналған 2 мекеме жабылған. Ал отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің саны 15-ке жетті. Қазір онда 63 бала тәрбиеленіп жатыр. Жыл басынан бері облыс бойынша 78 бала асырап алынған. Жалпы өңірде бүгінгі күні 1500-ден астам осындай бала бар. Олардың 1126-сы қорғаншылық пен қамқоршылықта, 139-ы патронаттық тәрбиеде.

Мұхтар Керімбеков, облыстық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің жетекшісі:

— Балалар үйінде 400-ден аса бала болды. Қазір ол жерде – 209. Балалар саны 50%-дан астам кеміді. Бұл балаларды отбасылық тәрбиеге берудің арқасында болды. Биылдың өзінде 53 бала балалар үйінен отбасылық тәрбиеленуге орналасты. Соның есебінен осында жылдан-жылға балалар саны азайып келе жатыр.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы