Жамбыл облысында вагондар рельстен шығып кетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Шу-Отар теміржол теліміндегі Көктөбе — Еспе қума жолында 13:53 минутта №3406 жүк пойызының вагондары жолдан шығып кетті», — делінген хабарламада. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздар тақ жолмен өтуде. Оқиға салдары тексерілуде.