
Жамбыл облысында Батыс Еуропа — Батыс Қытай автожолында ірі жол-көлік оқиғасы болды. Өңірлік полиция апаттың мән-жайын баяндады.
Алдын ала мәлімет бойынша, Mercedes-Benz жүк көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігін жауып қалған. Осыдан кейін оның бүйір бөлігіне Volkswagen соғылған.
Tengrinews.kz хабарлағандай, жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті.
«Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомство.
Жамбыл облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және республикалық маңызы бар автожолдарда ерекше мұқият болуға шақырды.
View this post on Instagram