Жамбыл облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Олар Шу ауданынынң тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері бір сәтте 5 күдіктіні құрықтаған.
Тінту барысында 100 келіден асатын есірткінің ірі партиясын анықтаған. Сондай-ақ АК-СУ автоматы мен 30-дан аса түрлі оқ тәркіледі, деп жазады qazaqstan.tv.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қылмыстық кодексінің бірнеше баптары бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.
Нұржан Рахметуллаев, Облыстық ПД бастығының орынбасары:
Аталған ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелеріне қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен, ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен және ҚР ҚК 287-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.