jasqazaq.kz

“Жалғыз қалған әкемді ойладым”: Еркін Нұржанов неге Шымкентке көшкенін айтты

22 қыркүйек 2022, 14:54

«Жігіттер» квартетінен бөлініп шыққан соң, жеке әнші ретінде тыңдарманына біраз әндерін ұсынған Еркін Нұржанов соңғы кездері ел көзінен тасада жүр.

Әнші соңғы жеті жылдан бері Шымкентте тұрып келген. Еркін өнер ордасы Алматыны тастап кетуіне не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Жарты жылдың көлемі болды, ақырындап Алматыға көшіп жатырмыз», – деп қуанышымен бөлісті Еркін Нұржанов.
«Алматыда қысым жоғары, сол анамның денсаулығына әсер беріп, анам содан көз жұмды. Ол әкемнің де денсаулығына әсер ете бастады. Жалғыз әкем қалған соң, сол кісінің жайын ойлап, қоныс аударуға тура келді», – деп түсіндірді Еркін. Әнші осы уақыт ішінде көбінесе отбасына көңіл бөлгенін атап өтті. Нұржанов биыл төртінші баланың әкесі атанғанын хабарлады.
«Жақында ұлды болдым. Осы уақыт ішінде жанұяның жай-жапсарын жайғастырып жүрдім», – дейді Нұржанов.
Араға бірнеше жыл салып, Нұржанов қайта Алматыға қоныс аударған. Бүгінде шығармашылығына білек сыбана кірісіп, тіпті, жеке ән кешін өткізуге дайындалу үстінде.
«Желтоқсанның 12-сі туған күнім, соған қарай жеке концертімді жоспарлап отырмын. Шымкенттен бастайтын шығармын. Алматы мен Астанада міндетті түрде үлкен концерт беремін», – дейді Еркін.

Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады