jasqazaq.kz

Жалған полицей ұсталды

20 ақпан 2018, 12:03


Өскеменде «жалған шенеунік», Зырян ауданында «жалған полицей» ұсталды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, демалыс күндері «102» нөміріне алаяқтық туралы бірнеше шағым түскен.

Жедел іздестіру кезінде 34 жастағы өскемендік жігіттің егде адамдарға өзін әкімдік өкілі етіп таныстырғаны белгілі болды. Күдікті қарттардың сеніміне кіру арқылы ақшаларын алдап алып отырған. Аданған қариялар жалпы жиыны 300 мың теңге шығын шеккен.

Өскемен ішкі істер басқармасының қызметкерлері осы іске қатысты тергеу жүргізуде. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де істерге қатыстылығы тексерілуде.

Ал Зырян ауданының тұрғыны жұртқа өзін құқық қорғау саласының өкілі ретінде таныстырған. 29 жастағы жігіт профилактикалық жұмыс жүргізген полицейдің кейпінде бірнеше пәтерге кіріп, ақша ұрлап отырған.

«Тексеру барысында «жалған сақшының» қулығына түскен 10 пәтердің иесі анықталды. Жалпы шығын — 80 мың теңге. Зырян аудандық ішкі істер бөлімі оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр», делінген облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды