Жалған доллар сатпақ болғандар құрықталды

24 шiлде 2023, 9:55

Алматыда бір топ адам жалған доллар банкноттарын сатпақ болды. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Алматыда бір топ адам криптовалюталарды сатып алу желеуімен жалпы сомасы 20 300 АҚШ доллары болатын жалған 100 долларлық купюраларды сатпақ болған.
Купюраларды сақтау және сатуға әрекет жасау фактісін ҚМА Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері анықтады.
Көлік құралын тексеру барысында ұсталғандардың бірінен 3 дана жасанды 100 АҚШ доллары табылып, тәркіленді.
Мамандардың қорытындысына сәйкес, зерттеуге ұсынылған 2006 және 2017 жылғы үлгідегі жалпы сомасы 20 300 долларын құрайтын банкноттар АҚШ Федералдық резервтік банкі шығарған банкноттарға сәйкес келмейді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, күдіктілерге қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», — делінген хабарламада.
Енді Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, күдіктілердің кінәсі дәлелденіп, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін олар кінәсіз болып табылады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:35
Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде
08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды