jasqazaq.kz

Жалға алынатын тұрғын үйді субсидиялауға 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды

12 қыркүйек 2022, 14:21

Шымкент қаласы бойынша тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялауға жолданған 1400 азаматтың өтінімі мақұлданды. Оның ішінде 221 азаматпен «Отбасы банк» арасында келісім шарт түзіліп, жалдау ақысының 50%-ы мемлекет тарапынан аударылды.

Осыған байланысты тұрғын үй басқармасы мен «Отбасы банк» өкілдері бірлесе Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, тұрғын үй субсидиясы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Бағдарлама талаптарына сәйкес тұрғын үй кезегіне тіркелген 1 және 2 топтағы мүгедектері, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, көп балалы отбасылар субсидия алуға өтінішті otbasybank.kz платформасында бере алады.

Өтініш берушінің соңғы 6 айға отбасыдағы адам басына шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауы керек (1 КМ = 37 389 теңге). Өтініш беру үшін ЭЦҚ-сы болуы қажет.

Азаматтар субсидиялауға қатысты сұрақтар бойынша Шымкент қ., Бейбітшілік 3 мекен жайында орналасақан «Аманат» партиясының 1-ші қабатындағы «Отбасы банк» кеңесшілеріне жүгіне алады.

Бүгінгі таңда Шымкентте тұрғын үй алу тізіміне 48 623 азамат тіркелген. Оның ішінде: 16 957 – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы; 9 186 – көпбалалы отбасылар; 1 819 – жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; 27 – жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар; 20 634 – мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер. Биыл жалпы 3 701 азаматты баспанамен (748 кезектегілерге және 857 жұмысшы жастарға арендалық, 2 096 кредиттік) қамтамасыз ету көзделуде.

Өтініш берушілер үшін негізгі талаптар:

-Қазақстан Республикасының азаматтығы;
— Отбасының (азаматтың) соңғы 6 (алты) айда отбасының әрбір мүшесіне шаққанда ең төмен күнкөріс деңгейінің 1 еселенген (36 018 тг) шамасынан аспайтын жиынтық табысының болуы;
— Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепке қоюды және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау болып табылады
— Құқықтық кадастрда тіркелген тұрғын үй иесі мен жалға алушы арасында жасалған шарттың болуы.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті