jasqazaq.kz

Жалақы алмаған құрылысшылар шу шығарды

20 ақпан 2018, 22:36

«Әбу-Дәби плазаның» айналасындағы шу енді басылып жатқанда Астанада тағы бір еңбек дауы ушыққалы тұр. Бұл жолы «Құлагер» құрылыс компаниясының жұмысшылары «4 айдан бері жалақымызды алмадық» деп «Нұр Отанға» арызданды. Тек құрылысшылар ғана емес, қосымша мердігерлер де 30 пайыздай ақшаны бас мердігер ұстап қалады деп ашық айтты. Бұл туралы 31 телеарна хабарлады.

Бұл жігіттер 4 ай бойы қолда барымызды ломбардқа өткізіп күн көріп келдік дейді. Кепілге қоятын ештеңе қалмаған соң ғана шыдамдары таусылып, бас мердігермен сөйлеспек болған. Алайда, есіктен әрі аса алмапты.

БАУЫРЖАН СӘРСЕНБАЕВ, құрылысшы:

— Охранниктер кәдімгідей бізді итеріп шығарып жіберді. «Ты кто такой?!» деп. Бейсенбай деген директоры бар дейді «Құлагердің» демалысқа кеткен. Қай жаққа кеткен? Антальяға.

Жұмысшылары жалақы алмай тентіреп жүргенде, құрылыс компаниясының басшысы қай ақшасына қыдыруы мүмкін? Қосымша мердігерлер «үстімізден 30 пайыздай қаржыны жонып жеп отыр» деп қалалық «Нұр Отан» басшыларына арызын айтты.

Жиынға қатысып отырған «Құлагер» компаниясының басшысы «Бұл кісілер менімен тікелей жұмыс істемейді, арада тағы бір қосымша мердігер» бар деді. «27 пайызды алып қалады дегендері өтірік, жалақыны да уақытында аударғанбыз» деп отыр.

БЕЙСЕБАЙ ЖЫРҒАБАЕВ, «Құлагер» құрылыс компаниясының бас директоры:

— Біз төлеп бердік. Енді ары қарай біздің төлеген ақшалар қайда кетті? Соны білуіміз керек. Ол — 1 күндік шаруа емес шығар деп ойлаймын.

Бір күндік шаруа емес әрине. «Әбу-Дәби» мәселесін шешкен тәжірибеміз бар» деп мақтанғандай болған «Нұр Отан» өкілдері «бәрі бақылауда болады» деп уәде берді.

БАҚЫТ САПАРОВ, «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

— Бүгін қала басшылығына осындай жағдай бар екенін баяндаймын. Ары қарай заңсыздық жасағандарға қатысты қатаң шара қолданылады деп ойлаймын. Мейлі бас мердігер болсын, қосымша мердігер болсын.

Осы мәселе бойынша арнайы жұмыс тобы құрылып, күн сайын құрылысшыларды қабылдайтын болып шешті. Тіпті сенбі және жексенбіде де демалмаймыз деп отыр. Ал, екі жақтың дауына куә болған республикалық кәсіподақ өкілдері «қосымша мердігерге ысыра салу деген» болмайды деді. Жұмысшылардың сауатсыздығын да еске салуды ұмытпады.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды