Жалақысыз өткен 6 ай

26 қазан 2016, 15:45

snimok

Ақтөбеге келген астаналық мамандар осы аптада бір айлық жұмыстарын қорытындылайды. Тексеруге емес, мониторинг жүргізіп, талдау жасауға келген мамандар аудан орталықтарын ғана емес, шалғай ауылдарды да аралап жүр. Тіркелген заңсыздықтар жетерлік. Ауыл тұрғындары мемлекеттік жәрдемақыларды толық алмайды, жұмыс берушілер жұмысшыларға қарыз болып қалған.

Ақтөбеге келген 200 адам қазір өз жұмысының соңғы күндерін өткізіп жатыр. Бір ай өтіп, алғашқы қорытындылар шығарыла бастағанда олар өз ойларымен бөлісті. Тексеруге емес, ақсап тұрған тұсты талдап, мониторинг жүргізуге келдік деп қайта-қайта қайталаған Бас прокуратура өкілі Бағдат Семейовтің айтуынша, Шалқар, Темір, Мұғалжар, Алға аудандарының 12 компаниясы 2 айдан 6 айға дейін жұмысшыларына жалақы төлей алмай отыр. Себебі өнім өтпейді, сұраныс азайды.
«Кездесу барысында жалақы қарызын өндіру жұмыстары атқарылды. Мәселен, «ҚазНитрохим» серіктестігі 25 жұмысшысына 3 миллион теңге қарызы бар екен. Тексеру жүргізбейміз, компания басшысымен кездесіп, түсіндірген соң 1 миллион 400 мың теңгесі төленді. Басқа мекемелер де жалақыны толық төлеуге әрекет етіп жатыр», – дейді ҚР Бас прокуратура өкілі Бағдат Семейов.
Ал Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті бес ауданды аралап, халыққа Еңбек кодексін түсіндірген. Бұған дейін жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы құжатсыз келісімнің жолы кесіліп, 3 адам келісімшарт жасаған.
«Ақтөбе облысындағы 5 ауданда 2 мың адаммен кездестік. Кездесуде жаңа Еңбек кодексі түсіндіріліп, ұсыныстар қабылданды», – дейді денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өкілі Венера Мурзалина.
Айта кетейік, Ақтөбеге келген жұмыс тобы 7 бағыт бойынша өңірдің аудан, ауылдарын аралап жүр. Әлеуметтік саланың жұмыс тобы 29 мекеме басшысымен, 1700-ден астам жұмысшымен кездесті. Сонымен қатар, ауыл, аудан халқының мемлекеттік жәрдемақыны толық алмай келгенін анықтады. Дегенмен, жұмыс тобы мұны жергілікті әкімдік өкілдерінің қателігі деп санамайды.
«Жергілікті атқарушы, басқа да мекемелер жұмыс істемей отыр деп айтуға болмайды. Кездесуде жұмыс жоқ, күнкөрісіміз нашар деген шағым болған емес. Сұрақтан сұрақ туып, халықтың мемлекеттік жәрдемақы, жұмысқа орналасу туралы ақпаратпен толық қамтылмағаны анықталды», – дейді Б.Семейов.
Еске сала кетсек, 29 қыркүйек күні Ақтөбеге жұмыс сапарымен астаналық 200 маман келген болатын. Олар жұма күні талдау шарасын аяқтауды жөн көріп отыр.

bnews.kz

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде