jasqazaq.kz

Жақсы дәстүр жалғасын тапты

27 тамыз 2022, 13:06

Шымкент қаласындағы «Ұлттық теннис орталығында» Конституция күніне орай жасөспірімдер арасында теннистен республикалық ашық турнир басталды. Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған сайыста 40-тан астам жасөспірім бақ сынап жатыр. Ауданда жасөспірімдер арасында теннис турнирін өткізу дәстүрге айналған. Бұл жолы сайыс Ата заң күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов көпшілікті Конституция күнімен құттықтап, Ата заңның қадірін арттыру бағытында тағылымды іс-шаралар жалғасын табатынын атап өтті. Республикалық ашық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлықтармен марапатталады.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада Абай ауданы әкімдігі AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалымен бірлесе аудандағы 100 балаға мектеп формасын, қажетті кеңсе тауарларын табыс етті. Ауданда «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылардың балалары қажетті тауарлармен қамтылуда. Қайырымдылық акцияға кәсіпкерлер, демеуші азаматтар атсалысты.

Айта кетсек, жуырда Қаратау ауданында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 50 баланы мектепке қажетті кеңсе тауарлары, мектеп формасымен қамтамасыз етті.Бұған дейін қайырымдылық акциясы Тассай, Асар елді мекендерінде өткен болатын. Ауданда жалпы 2000 мыңдай мұқтаж отбасы бар.

Қайырымдылық іс-шарасын аудандағы елдімекен билері ұйымдастыруда. Бұл орайда әр елдімекеннен 2 оқушы қажетті заттармен қамтамасыз етіледі. Барлығы да мұқтаж отбасылардың балалары. Ұйымдастырушылар қайырымдылық акциясы одан әрі жалғасын табатынын атап өтті.

AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында «Баланы мекепке даярлайық!» акциясы жалғасын тапты. Еңбекші ауданына қарасты 20 отбасының балаларына мектеп формасы, спорттық форма, аяқ-киім және сөмкелер табыстады.

Мұндай қайырымдылық акциясы өзге аудандарда да жалғасын табуда. Игі бастамаға қалалық «AMANAT» партиясы қолға алып отыр.

Аталмыш акция барысында партия мүшелері және мәслихат депутаттары қаламыздағы көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етті.

Қайырымдылық акциясы барысында партия өкілдері мен мәслихат депутаттары әр аудан бойынша өздеріне қарасты көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-саймандары, сөмке, мектеп формасы сияқты заттармен қамтамасыз етуде. Игі бастама тамыздың айдың соңына дейін жалғасады. Жалпы партия Шымкентте мыңнан аса баланы мектепке даярлауды жоспарлап отыр.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті