jasqazaq.kz

Жайлылық пен қауіпсіздік: Абай даңғылында стратегиялық маңызды көпір салынып жатыр

04 шiлде 2025, 19:13

Өткен ғасырдың басында Әулиеата аумағы арқылы Жетісу теміржолы өткен болатын. Оның бір бөлігі қаланы екі тең емес бөлікке бөлді. Әсіресе халық арасында «желінің арғы беті» деп аталатын оңтүстік бөлігі көлікке қолжетімділіктің шектеулі болуына байланысты инфрақұрылымдық дамудан едәуір қалып қойған.

Жібек жолы көшесіндегі жол өткелі мен Байзақ батыр көшесіндегі көпір көлік ағынының артуына байланысты жеткіліксіз екені бұрыннан белгілі. Қаланың орталығын теміржолдың арғы жағындағы тұрғын аудандармен байланыстыратын автокөлік көпірінің құрылысы қажеттілікке айналды. Құрылыс жұмыстары биыл көктемде басталды.

«Қазахдорстрой» ЖШС басшысының орынбасары Қуаныш Алмұхамбетовтің айтуынша, жобада ұзындығы 166 метрлік жол өткелін салу қарастырылған, ол теміржол желісін қиып өтеді.

– Бұл көпір негізгі көлік ағынын қамтамасыз ету үшін салынып жатыр, көліктер Сыпатай батыр көшесімен айналма жолмен жүруге мәжбүр болмайды. Құрылыстың басталуы №15 мектептен басталады, ең биік нүктесі теміржолдың үстімен өтеді, ал аяқталу нүктесі – Абай даңғылындағы полиция бөлімі тұсында болады. Жоба бойынша жол өткелі тұтас болады, – деді ол. – Жобалық-сметалық құжаттама 2024 жылдың ақпанында мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Сол жылы біз құрылысқа арналған тендерді жеңіп алдық және жұмысты бастадық. Құрылыс мерзімі – 21 ай, ал құны – 16,5 миллиард теңге. Мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы келісім бойынша нысанды 2026 жылдың соңына дейін аяқтауымыз қажет. Жеке тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандар орналасқан аумақтағы нысандарды алу мен бұзу жұмыстарында аздаған кідіріс бар. Бұл – біздің құзырымызға кірмейді, келісімге де енгізілмеген. Дегенмен бұл кідірістерді өзге жұмыстар арқылы өтеуге тырысамыз, сол себепті өткелдің құрылысына белгіленген мерзім әсер етпейді деп ойлаймыз.

Көпір құрылысын жүргізу үшін құрылыс аймағындағы 68 нысанды, оның ішінде 43 тұрғын үй мен 25 кәсіпкерлік субъектісінің ғимараттарын сүру қажет.

Жаңа үстеме көпір теміржолдан өту кезінде көліктер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Құрылыстың жалпы ұзындығы 946 метрді құрайды. Бас мердігер – «Қазахдорстрой» ЖШС – сапа стандарттарына сай заманауи инженерлік технологияларды қолданатын болады.

Нысан екі лифтпен жабдықталады. Сондай-ақ бағдаршам орнату, абаттандыру және жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жол өткелі Тараз қаласының орталығы мен теміржолдың арғы жағындағы тұрғын аудандарды байланыстырып қана қоймай, қаланың транзиттік көлік ағынын азайтуға да септігін тигізеді.

Жамбыл облысы әкімдігі

 

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?