Кеше Шымкент қаласында «Ақтөбе» мен Ордабасы жастар командалары арасында жолдастық матч өтті.
Ойын барысында даулы эпизод орын алып, соның салдарынан «Ордабасы» командасының капитаны Амир Тулеевке жасырын түрде соққы жасаған. Осыдан кейін алаңда екі команданың ойыншылары арасында жаппай қақтығыс басталды.
«Төбелес салдарынан Ақтөбе футболшысының жағы сынып, тістері қағылған. Ал тағы бір ойыншының ерні жарылған»- , деп хабарлады Ақтөбе ФК жанкүйерлері парақшасы.
Ақтөбе клубы ҚФФ-нан аталған оқиғаны тергеп, қарсыласқа құрметсіздік танытып, спорттық емес әрекет көрсеткені үшін Ордабасы жастар командасын Федерация аясындағы барлық жарыстардан шеттетуді талап етті.