jasqazaq.kz

Жағы сынған сарбаздың ата-анасы әскерилердің 2 апта бойы пәтерде тығып ұстағанын айтты

17 ақпан, 10:43

Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүріп соққыға жығылған сарбаз дәрігерлердің бақылауына алынды. Ол Алматыдағы әскери клиникалық госпитальге жатқызылған. Жақ сүйегі мен мұрны сынған сарбаздың ата-анасы ұлын әскерилердің екі апта бойы пәтерде тығып ұстап келгенін айтып отыр, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Жақ сүйегі темірмен тігілген Есболды көрген туыстары оның әбден қиналғанын айтып отыр. Олар сарбаздың жақ сүйегі қисайып, бітіп кеткенін көріп шошыған. Қазір Отардағы әскери бөлімде болған жағдай бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал ондағы әскери бөлім басшыларына қатысты қызметтік тексеріс басталған. Оқиғаның жай-жапсары анықталғанға дейін мұндағы бірнеше лауазымды қызметкер жұмыстан шеттетіліпті. Қазір үйге қайтуына төрт ай қалған сарбазға күш қолданғандар анықталып жатыр. Әскери полиция әлімжеттік дерегі жоғарғы басшылыққа дер кезінде хабарланбай, ем шарасы да дұрыс қабылданбаған дейді.

Бақытжан Әбілдаев, Гвардейск гарнизоны, әскери полиция бөлімінің бастығы: — Жан-жақты тексеріліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалардың, сондай-ақ жарғыға қайшы өзара қатынас фактісі туралы жоғары тұрған қолбасшылыққа дер кезінде баяндамаған және медициналық көмекті ұйымдастыруда кемшілік жіберген лауазымды тұлғалардың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Сурет: Видеодан кадр

Бүгін, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
Бүгін, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес