Қызылордада жәбірленушіге біраз уақыт бойы күш көрсетіп келген бопсалаушылар ұсталды. Қомақты ақшаға қарқ болғысы келгендер, жәбірленушіні ұрып-соққанымен қоймай, «балаңды өлтіреміз» деп, қорқытқан. Бұл туралы 31 арна хабарлады.
Бопсалаушылар азаматты қорқытып, 5 миллион теңге талап еткен. Ақыр соңында полицейлердің жедел іздестіру жұмыстары барысында арам пиғылдарын іске асырып келе жатқан Қызылорда қаласының үш тұрғыны өз көліктерінде отырған жерлерінде қолға түсті. Бүгінде қылмыскерлер сот шешімімен абақтыға қамалған. Полицейлер мұндай қылмыстың облыста әсіресе, жастар арасында жиілеп кеткенін айтады.