Жағымсыз иіс жыры

25 қазан 2016, 16:33

aktobe

Жағымсыз иістен арылған Ақтөбеге жасыл желек отырғызыла бастады. Бірақ «жұпар иіс» жыры мұнымен біте қойса…

Жылдар бойы Ақтөбе қаласынан жағымсыз иіс кетпей тұрды. Осыған дейін бірнеше облыс әкімі он жылға жуық уақыт шеше алмаған мәселе биыл ғана шешімін тапқандай болды. Өңір басшысы жауапты адамдарды осы жазда жағымсыз иіс шығатын орындарға апарып, бірнеше сағат «тұншықтырды».

Әсіресе, нәжіс ағатын қондырғыларды, кәріз сулары өтетін құдықтардың қақпағын құзырлы мекемелердің костюм-шалбар киіп, галстук таққан басшылары өз қолымен ашып, Бердібек Сапарбаевқа амалсыз көрсеткен болатын.

Әкім де «қырсық», иісі мөңкіген жерден бірден кете салмай, уақыт созып тұрып алады. Ондаған журналист мұрынын басып, алыстау жерге қашқанымен, қаланың кәріз құбырлары мен қоқыс полигондарына жауапты басшыларды Сапарбаев бірден босата қоймады. Әбден сасық иіске тұншықтырып барып, егер қала иістен арылмайтын болса, тағы келіп иіскететін түр танытты.

Айтып-айтпай не керек, жалпы алғанда қаланың көп саситын Шанхай, Тұрғындар қалашығы, Оңтүстік-Батыс аудандарынан кәдімгідей иіс кетті. Рас, арнайы құрылғылармен тексеру қолымыздан келмеген соң, ауада әлі қанша зиянды газ барын білмейміз. Дегенмен, Ақтөбенің ауа қабаты бұрынғыдай емес, жақсарып қалды. Қас қарая есік-терезені бітемейміз, кешқұрым есік алдына шығып таза ауа жұтатын халге жеттік.

Осы күндері Ақтөбеде жаппай тал егу науқаны қолға алынып жатқан секілді. Бүгін ғана халыққа қызмет көрсету орталығы ондаған тал еккені туралы хабарлады. Өзге мекемелерде де ағаштар отырғызып жатыр.

Өз кезегінде, облыс басшысы Бердібек Сапарбаев бастаған топ бүгін, сенбі күні, Батыс-2 ауданында 500-ден астам тал отырғызды.

«Ақтөбе ақпарат» орталығының Инстаграмдағы парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, жағымсыз иіс бөлетін тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны маңайында да 100 мыңнан астам тал егіледі деп жоспарланыпты.

Бұл ретте, айта кету керек, жағымсыз иіс жыры мұнымен біте қоймаған секілді. Облыс орталығы тазарғанымен, Алға, Мұғалжар аудандары әлі мөңкіп тұр. Кеңқияқ пен Шұбарши, Саркөл ауылдарының жыры өз алдына. Бәлкім, Сапарбаев мырза аталған аудандардың басшыларын сасық иіс шығатын орындарға апарып, бірнеше сағат тұншықтыратын болар. Одан қалды, Темір ауданына қарасты мұнайлы өңірлер — Кеңқияқ, Шұбарши, Саркөл ауылдарының иісін кетіру үшін де шетелдік компания өкілдері мен эколог, санитар мамандарға ауаға тарап, халық денсаулығына зиян келтіріп отырған ілеспе газ қалдықтарын молынан иіскетсе…

 

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

17 шiлде, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде