jasqazaq.kz

Ж.Түймебаев: Малға қарау қазір адамға қараудан қиын

16 ақпан 2018, 22:36

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінде адамға қарағанда мал бағудың қиын екенін айтты. Онымен қоймай облыс басшысы егер адам жұмыс істемесе, сеспей қатанын да мәлім етті деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ.

Халық алдында өткен жылы атқарған жұмыстары туралы есеп берген облыс әкімі Созақ ауданы тұрғынының қолына дипломы жоқ жастарға мемлекет тарапынан берілетін қолдауға қатысты сауалына жауап берді.

Өз сөзінде жоғары білімі жоқтарға қысқа және ұзақ мерзімдік кәсіптік білім алуға мүмкіндік барына айтқан Түймебаев мырза өңірде кейбір маман иелері тапшы екенін алға тартты.

Соның ішінде егін мен мал шаруашылығының мамандарына сұраныс жоғары. Тұрғын сауалына жауап берген облыс әкімі мал бағудың қиын іс екенін де жеткізді.

«Малға қарау қазір адамға қараудан қиын. Үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Су бермей көріңіз, жем бермей көріңіз, сеспей қатады. Яғни, күту керек, бағу керек, қарау керек… Біз қазір жұмыс жоқ деп жатамыз…. Көп адамдарымыз жұмысқа бармайды, менсінбейді. Естеріңізде болсын, жұмыстың аты — жұмыс. Ол жерде ағайын-туыстың қажеті жоқ. Қазір қанша адам бар қойшы, қорашы, жылқышы таба алмайды. Менсінбейді, бірден айлығы көп жұмыс іздейді. Ешбір мемлекетте ондай нәрсе жоқ. Егер жұмыс істемеңіз, сеспей қатасыз. Өліп қаласыз. Бүкіл шетелде солай, естеріңізде болсын» , — деді Жансейіт Түймебаев.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды