jasqazaq.kz

Жүргізушілер жол ережесін бұзуға мәжбүр

29 қазан 2016, 21:19

 

paraШығысқазақстандық жүргізушілер шұңқырды айналып өтіп, көмескіленген жол белгілеріне бағынбағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүр. Тіпті мұндай жағдайда жүргізуші куәлігінен айыру оқиғасы да кездескен. Осыған байланысты көлік тізгіншілерінің облыстық прокуратура мен құқық қорғау өкілдеріне шағымдары жиілеген.

Ойықты айналып өтсең де, жүргізуші куәлігінен айырылуың әбден мүмкін. Мысалы Өскеменде дәл осындай жағдай облыстық прокуратураның тексеруіне негіз болды. Іске құқық қорғаушылар да араласқан. Алайда сот жол сақшыларының әрекетін заңды деп тауыпты.

Алексей Божков, құқық қорғаушы: — Мемлекеттік кірістер департаменті алдында бір жүргізуші қарсы бағыттағы трамвай жолының сол жағындағы ойықты айналып өткен. Оның аумағы рұқсат етілген көлемнен үлкен болғандықтан, оны басып өтуге болмайды дейді мамандар. Алайда сот бұл талапты ескерген де жоқ. Енді міне, сол азамат бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылып отыр. Өскемендік көлік иелері осындай олқылықтың жиі орын алатына наразы.

Жүргізушілердің айтқанын прокурорлар да растап отыр. Жолдың сапасы сын көтермейді, жол белгілері де ескіріп, жазулары өшіп қалған.

Роман Гальцер, облыстық прокуратураның бірінші басқарма прокуроры: — Республикалық маңызы бар 166 шақырым жолдың ешқайсысы талапқа сай емес. Жолаушылардың өміріне аса қауіпті. Өз кезегінде жол сақшылары жүргізушілер наразылығы орынды болса, қателікті мойындауға әзірміз дейді.

Сымбат Шоқытаев, қалалық ІІБ жол-техникалық инспекция бөлімінің басшысы — Біздің мақсатымыз – жүргізушілерді айыппұл төлеуге мәжбүрлеу емес. Егер расымен жол белгілерін көрмей қалып жатса, ескерту жасалады. Нақты осы мысал бойынша арнайы мекемелер, инспекторлар әкімшілік полицияға рапорт жазса болады. Бүгінде өңір бойынша жолдарды тексеру шаралары жүріп жатыр. Ал анықталған олқылықтарды құзырлы мекемелер реттеуі тиіс.

 

24.kz

05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)