jasqazaq.kz

Зейнеткерді алдаған «полицейлер»

16 ақпан 2018, 14:19

Қостанай облысында өздерін полицей ретінде таныстырып, ақша талап етіп жүрген алаяқтар көбейді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, Қостанайда жыл басынан бері 5 алаяқ өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, елден ақша бопсалап келген.  Жалған полицейлер 70-90 жас аралығындағы зейнеткерлерді құрығына түсірген. «Олар зейнеткерлерге хабарласып, немерелерінің жаяу жүргіншілерді қағып кеткенін жеткізген. Осылайша, немерелерін полициядан алып кету үшін ақша талап еткен. Егде жастағы кісілердің барлығы ақпаратты тексеру үшін туыс-туғандарына хабарламаған. 4 жағдайда зейнеткерлер 100 мың теңгеге дейін ақша берген. Олар жалған тәртіп сақшыларына беретін ақшаны үйлерінің алдындағы пошта жәшіктері мен подъездерге қалдырып отырған», — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында. Белгілі болғандай, бір зейнеткер алаяқтың «Киви әмиянын» 40 000 теңгемен толтырған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары бөгде адамдардан сақ болуды ескертеді.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды