jasqazaq.kz

Зейнеп Ахметова: Баланың тұсауын кескен кезде қателік жіберуге болмайды

01 қараша 2017, 12:00

Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова жастар баланың тұсауын кескен кезде көптеген қателіктерге бой алдырып жүргенін атады. Белгілі жазушы мұндай қателіктер салт-дәстүрдегі негізгі ұстанымдардың мағынасын бұзады әрі келешек ұрпаққа өзгертіліп жеткізіледі деп алаңдайды.

Хабар арнасындағы «Ана мен бала» бағдарламасына қонаққа келген Зейнеп Ахметова тұсау кесер дәстүрінің мағынасын түсіндіріп берді.

«Баланың аяғына ала жіпті байлаған. Оның мағынасы өмірдің ақ пен қарадан тұратынын түсіндіру. Күрмеуін кесу бала болашақта ақ пен қара қатар тұру заңдылығы кезінде құламасын, шалынбасын дегенді білдіреді. Баланың тұсауын үш мәрте кесетіндер бар екен. Ол болмайды. Адам баласының кімге ұқсағанын қалайды? Соны алдымен шешіп алуы керек.

Кешінде көк шөппен, тоқ ішекпен кескен. Тоқ ішек- баланың іші-сырты майлы болсын, тоқ болсын деген мағынады. Көк шөп- туған жерінде көктесін деген мағынада. Бірақ ала жіпте еш жат емес бізге. Баланың тұсауын бір рет кескен жөн. Үлкен апалар батасын береді ұл бала болса оның тұсауын ел сыйлаған бір ағасы кессе, қыз баланың тұсауын жастау, халқына сыйлы, өнерлі келіншек кескені дұрыс»,-деді Зейнеп Ахметова.

Жазушы ана ақ жолмен жүріп өткен баланың алдына қойылатын ақша, домбыра, кітап, кілт сынды заттар бізге кәрістерден келгенін де атап өтті.

«Оның еш жаманшылығы жоқ деп ойлаймын. Кәрістердің жақсы әдетін алған сияқтымыз. Бұл бір жай ғана қызықтау үшін жасалған дүние. Баланың болашағына сондай бір зиянын келтіретін зат емес. Ал ала жіпті ырымдап бала көтермей жүрген келіншекке сыйға берген. Ырым бойынша ол жіпті алып бір жерге іліп немесе сақтап қоюы керек. Көп ұзамай балалы болады», – дейді Зейнеп апа.

Stan.kz

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы