jasqazaq.kz

Заңсыз тауар заңды сауданы бұзып тұр

01 қараша 2017, 13:09


Оңтүстік Қазақстан облысындағы ерлер костюмін тігумен айналысатын фабрика өндіріс көлемін ұлғайта алмай отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Кәсіпорындағылар: «Қырғызстаннан контрабандалық жолмен тасымалданатын тауарлар бізге зиянын тигізіп отыр», – дейді. Себебі бағасы арзан болғандықтан нарықты жаулап алған. «Ал сапасы қазақстандық өнімдерден әлдеқайда төмен», – дейді жеңіл өнеркәсіп саласының өкілдері. Сапалы, әрі десе шетелдік бренд саналатын фирмалардың костюмінен әлдеқайда арзан тігетін мына фабриканың өнімі қазақстандықтарға әбден танымал. Еліміздің барлық өңірлерінде өкілдіктерін ашып, 15 шақты өнім түрін сатады. Қазір тәулігіне 300-ден асатын ерлер костюмін тігеді екен. 600 костюм де тіге алатын мүмкіндігі бар.

Балжан Қалмұратова, тігін фабрикасының директоры:

– Мына көрші мемлекеттерден, Қырғызстан, Өзбекстаннан келіп жатқан киімдердің бағалары төмен болып жатыр. Өйткені төленіп жатқан салық жоқ, заңсыз жолмен кіргендіктен, біздің бағалар жоғары болып тұр.

Сол себепті шығарып жатқан тауар көлемін ұлғайта алмай отыр. Оңтүстік өңірдегі көп базарда Қырғызстан азаматтары киім-кешек сатады. Көбіне өз елінен келетін тауарды саудалайды. Маңғыстау облысынан келген фабрика өкілі де осындай өкпесін айтты. Ол тауарын сауда орталығындағы дүкенге қойған екен.

Асқар Рахымбердиев, сауда өкілі:

– Көрші бутиктерде Қырғызстаннан келетін костюмдер сатылады. Біздікінің сапасы жақсы, елдің көзі жетті. Бірақ көрші елден келіп жатқанның бағасы арзан болғандықтан, сол арзан товарға қарай кетіп қалады.

Бізде тігілетін костюмдердің бағасы көрші елдердікімен бәсекеге түсуі қиын екенін айтады фабрика директоры. Өзіміз мата тоқымаймыз. Қазақстандық тігіншілер сырттан тасылатын мата мен фурнитура үшін салық төлейді.

Балжан Қалмұратова, тігін фабрикасының директоры:

– Қырғызстанда да, Өзбекстанда да бұл салық алынып тасталған. Өзінің кәсібі үшін алып келіп жатқан мата, фурнитура үшін салықтан босатылған. Сондықтан біз бүгінгі күнге көрші мемлекеттен өз тауарымызды 30 пайызға жуық қымбат шығаратынымыз бар, жағдай солай.

Қазақстан өзі тұтынатын текстиль өнімдерінің 90 пайыздан астамын сырттан тасиды. Елдегі жеңіл өнеркәсіптің жолын контрабандалық тауар кес-кестей беретін болса, оның жақын арада өркендей қоюы да қиын болмақ.

Авторлары: Әбдез Рахманұлы, Нұрмахан Мұстов

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы