Заңсыз әкелінген 34 дана iPhone үшін 103 500 теңге айыппұл төлейді

29 қыркүйек 2023, 13:24

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 қыркүйекте «Дубай-Алматы» рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлғадан декларацияланбаған 34 дана iPhone 15 телефоны табылды.  Алдын ала есептелген кедендік құны – 25,3 млн теңге. Ал мемлекетке келтірілген шығын 3,1 млн теңге.

Мемлекеттік кірістер комитеті ұялы телефонның жеке тауарлар санатына жататынын, жеке тұлғалар оны кедендік шекара арқылы өткізген кезде бір адамға екі бірліктен аспауы тиіс екенін ескертеді (ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы).

Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді.

Ұялы телефондарды декларациялаусыз әкелуге әрекет жасаған адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес 103 500 теңге (30 АЕК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

JQ-Aqparat 

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді