jasqazaq.kz

Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана — қылмыскер

12 қантар, 13:42

Атырау облысындағы қылмыс туралы әлеуметтік желіде небір ақпарат тарап жатыр. 8 қаңтарда ерлі-зайыптының өліміне қатысты олардың күйеу баласы, Махамбет ауданының тұрғыны Сұлтан Сәрсемәлиев күдікті деп танылып, ресми түрде іздеу жарияланды. Дегенмен заңгер Бағдат Амандосұлының пікірінше, ондай тұжырым жасауға әлі ерте.
Заңгердің айтуынша, адамды «күдікті» деп атау тек Қылмыстық-процестік Кодексте белгіленген процессуалдық тәртіп сақталған жағдайда ғана мүмкін.
Осыған орай заңгер: «Айыпталушы» мәртебесі Кодекстің 65-бабы бойынша айқындалған. Мысалы, прокурор айыптау актісін жасаған жағдайлар және т.б. «Қылмыскер», «кінәлі» деген мазмұндағы тұжырымды соттың заңды күшіне енген үкіміне дейін жария түрде айту қате болып саналады. Себебі Кодекстің 19-бабына сәйкес соттың заңды күшiне енген үкiмiмен белгiленгенге дейiн кiнәсiз болып саналады, яғни «Кінәсіздік презумпциясы» қағидасы сақталады, демек масс-медиа үшін дұрыс формула: ол «күдікті», «айыпталушы» (егер құқық қорғау органымен ресми түрде расталса), және міндетті түрде «кінәсі сотпен дәлелденген жоқ немесе үкім жоқ» деген ескертпе жасаған абзал», — дейді.
Оның айтуынша, егер күдікті ретінде көрсетілген азамат кейін қылмыскер болып танылмаса, оны кінәлі деп жазған немесе жала жапқан тұлғалар жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кез келген азамат өзіне қатысты таратылған мәліметтер шындыққа сай келмесе, ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтірсе, Азаматтық кодекстің 143-бабы негізінде ол мәліметтерді теріске шығаруды сот арқылы талап ете алады. Сонымен қатар моральдық зиянды өндіру мәселелесінде талап етуге құқығы бар. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 73-3 бабында масс-медианы пайдалана отырып жала жабылса, сот арқылы жеке тұлға жиырма бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынуы мүмкін.
Еске салсақ, өткен жылғы күзде бір отбасындағы төрт адамның із-түзсіз жоғалу себебі жұмбақ күйінде қалып отыр. Ерлі-зайыптылардың мүрдесі 6 қаңтарда табылғаннан кейін түрлі нұсқа қарастырылып жатыр. Соның бірі осы үйдің күйеу баласымен байланысты. Соған орай заңгер «кінәсіздік презумпциясын» еске салып отыр.

Олжас Әбдіхалық

Сурет: azh.kz

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам