Заманбек Орынбеков: Шымкент жастары белсенді

02 сәуiр, 13:39

Елімізде жастар саясатын жүргізуде әр өңірдегі Жастар ресурстық орталығының маңызы зор. Сондай орталықтың бірі Шымкент қаласында жұмысын жемісті жүргізіп отыр. Jasqazaq.kz Шымкент Жастар ресурстық орталығының басшысы Заманбек Орынбековпен сұхбаттасып, орталықтың жұмысы туралы сұрап-білді.

— Заманбек Оралбекұлы, «Жастар ресурстық орталығының» негізгі жұмысына тоқталып өтсеңіз. Шымкент жастарының белсенділігі қандай?

— Қоғамның қозғаушы күші – жастар. Ал жастар саясаты тәуелсіз еліміздің басты басымдықтарының бірі. Жастарды бір арнаға жинау, олардың алаңсыз жетілуіне барлық жағдай жасалған. Солардың бірі – Жастар ресурстық орталықтары. Жастар ресурстық орталығы еліміздегі жастар саясатын жүзеге асырады және олардың тұлғалық дамуына септеседі. Сондай-ақ жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсетеді.
Шымкент — миллион тұрғыны бар қаланың бірі. Шаһарда 14-35 жас аралығында 381 796 жас бар, бұл халықтың 32 пайызына пара-пар. Бұл Шымкент жастардың қаласы деуге негіз бола алады. Шымкент жастары бүгінде кез-келген салада белсенді.

— Қазір елімізде жастардың өз кәсібін ашуға бағытталған бағдарламалар қолға алынып, жүзеге асып жатыр. Шымкент жастарына мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру қалай жүргізілуде?

— Жастар саясатына қатысты жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіліп келеді. Сонің бірі — жастарды жұмыспен қамту және өз ісін жасауға деген дұрыс бағыт-бағдар беру. Көп жастар оқу бітіргеннен кейін жұмыс табуда қиналады. Себебі кез келген жұмыс беруші білімі жоғары, әрі тәжірибесі мол жұмысшыларды қызметке алғысы келеді. Осы тұста мемлекет тарапынан бірнеше бағдарламалар жүзеге асырылып отыр. Бұл бағытта Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығының» қызметкерлері жастарға арналған бағдарламалар туралы жыл сайын білімін жаңартып, оқу семинарларынан өтеді. Сонымен қатар орталық жанына арнайы «Мобильді топ» пен Мансап орталықтарымен бірлесе отыра, жоғарғы оқу орындарының бітіруші түлектері мен қаламыздан шалғай орналасқан елді мекендерде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, жастар үшін базарлар мен ірі сауда орталықтарында бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс аясында былтырғы жылы 13 000 жуық жас қамтылған болатын. Биылғы жылы ақпараттандыру жұмыстарын күшейтіп, қамтылатын жастар санын арттыру жоспарланып отыр.

Мақпал Махаметқызы,
Шымкент

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды