Заман талабынан туындаған бағдарлама

03 шiлде 2018, 12:02

Жуырда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысында жұмыс сапарымен болып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік», «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдаулары мен «Бес әлеуметтік бастамасының» жүзеге асырылу барысымен танысты. Үкімет басшысы Көкшетау қаласындағы өндірістік және әлеуметтік сала нысандары мен халыққа қызмет көрсету орталығында болып, облыстың денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесіп, Ақмола облысында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысының таныстырылымына қатысты және де облыс активімен, бизнес өкілдерімен жиын өткізді. Премьер-Министрдің сапары барысында облыс әкімі Мәлік Мырзалин бірге болды.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Көкшетаудағы №1 қалалық емханасында болған кезінде Бақытжан Сағынтаев өңірдің денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру барысымен танысты. Және де облыстың медицина саласының қызметкерлерімен кездесуде медициналық қызметтердің сапасы, саланы қайта реттеу және жеке қызмет көрсету секторын дамыту мәселелері талқыланды. Қалалық емхананы аралау барысында Премьер-Министр осы емханадағы жетекші әлемдік өндірушілердің заманауи медициналық жабдықтарының жұмысымен, сондай-ақ «Кешенді медициналық ақпараттық жүйе» жаңа бағдарламалық қамсыздандырумен және зертханалық ақпараттық жүйемен танысты. Осы жылдың 5 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурулар мен өлім-жітім көрсеткіштерінің төмендегені

байқалады. Мысалы, нәресте өлімі шамамен 26 пайызға, туберкулезбен ауру – 13,9 пайызға, қан айналымы аурулары – 7,4 пайызға төмендеді.

Қазіргі уақытта Ақмола облысында 577 денсаулық сақтау нысанының 258-інде медициналық ақпараттық жүйелер енгізілген. Бұдан өзге, осы жылдың қаңтар айынан бастап пилоттық цифрлық жоба аясында электрондық денсаулық паспорттары халықтың 99 пайызына толтырылды. Осы жаңа әдіспен шамамен 86 пайыз немесе 1,35 миллион келіп-кетушілерге қызмет көрсетілді. Флюоротекаларға электрондық кескіндердің 37 пайызы тіркелсе, электронды форматта науқастық парақшаның 67 пайызы жазылды. Енді электрондық рецептер беру жұмыстары басталды. Аудандық деңгейге дейінгі медициналық ұйымдар 100 пайыз интернетпен қамтамасыз етіліп, барлық медицина қызметкерлері компьютерлік сауаттылыққа, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде жұмыс істеуге 100 пайызы оқытылған. Медициналық ұйымдардың 80 пайыздан астамы ішінара қағазсыз форматқа ауысса, қағазсыз медициналық құжат айналымына көшуден күтілетін әсер, дәрігерге баруды 2 есеге қысқарту, кәсіби тексеру және скринингтер кезінде ауруларды анықтауды 30 пайызға арттыру; алдын ала жазба үлесінің 50 пайызға өсуі, жанды кезектерді 50 пайызға дейін төмендету міндеті де алда тұр.

Денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесуде Б.Сағынтаев қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту бойынша көлемді жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі және өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі дамыту, дәрігерлерді кәсіби даярлау және олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізуге дайындық мәселелері талқыланды. Мемлекеттің негізгі басымдығы – қазақстандықтардың денсаулығын қорғау болса, үкімет өз кезегінде Президенттің Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалау бойынша алға қойған бірқатар нақты міндеттерін ерекше бақылауда ұстап отыр. Бұл ұсынылатын медициналық қызметтерді цифрландыру, «қағазсыз ауруханаларға» көшу, сондай-ақ, МЖӘ қағидасы арқылы денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және жекеменшік медициналық ұйымдар үшін кедергілерді азайту арқылы саланың тиімділігін арттыруды ойдағыдай жүзеге асыруды көздейді. 2017 жылы жекеменшік сектордың шектеулері алынып тасталды, бірқатар санитарлық нормалар жойылып, қайта қаралды. Бұл денсаулық сақтау саласына салынған жеке инвестицияларды екі есеге 44,2 миллиард теңгеге дейін (2016 жылы 23,3 миллиард теңге) ұлғайтуға жол ашты.

Байкал ҚАЙЫРЛЫҰЛЫ,

Көкшетау

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

26 желтоқсан, 17:55
Пәлен жерде алтын бар. Барса...
23 желтоқсан, 18:08
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?