jasqazaq.kz

Заңсыз таксилерді «аулау» басталды

16 қараша 2016, 11:41

Көлігімен кісі тасушылар бұл ісін 10 күннің ішінде заңдастыруы керек. Ал 10 күннен кейін көшеде қол көтерген адамға заңсыз тоқтағандарға үлкен айыппұл салынады, тіпті автокөлігі де тәркіленуі мүмкін.

60604

Бұл туралы Алматы телеарнасы хабарлады.

Кісі тасумен айналысушылар өз бизнесін салық органында ресми түрде тіркеуі керек. Ал 10 күннен кейін заңсыз таксистерді „аулау„ басталады.

Заң бұзушылар айыппұлмен құтылып кетсе жақсы. Мұндай заңсыздықты жүгендеуде сот шешімімен көлігін тартып алу да қарастырылған екен.

„Заңсыздық орын алған жағдайда хаттама толтырылып, бұл құжат сотқа жіберіледі. Айыппұл көлемі 15 айлық есептік көрсеткішті (31 815 теңге), ал қайталанған жағдайда ол 30 айлық есептік көрсеткішті (63 630 теңге) құрайды. Сол секілді сот органы кәсіпкерлік мақсатта қолданылатын мүлікті, бұл жағдайды көлікті тәркілеуді қарастыра алады„ — деді Алматы қаласы Медеу аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қуаныш Түменбаев.

Такси қызметін заңдастыру үшін жергілікті мемлекеттік кірістер басқармасына небәрі екі құжат апарсаңыз болғаны: өтініш және тұрғылықты мекен-жайы туралы анықтама. Тіркеу тегін. Ал ай сайынғы салық табыстың екі пайызын құрайды.

Бір күндік тексеру шарасы кезінде Медеу ауданының салықшылары кісі тасумен заңсыз айналысушы 25 көлік иесін анықтаған. Жалпылай алғанда, Алматыда 2117 заңды такси бар, жыл басынан бері жеңілдік жағдайымен шамамен 270 адам тағы да есепке тұрған.

365info.kz

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң