jasqazaq.kz

ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?

26 желтоқсан 2025, 17:18

Биыл ел үшін тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында ауқымды өзгерістер жылы болды. Қазақстан  ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне «Салбурын», «Алпамыс батыр жыры», «Кесте-сюзанне», «Дәстүрлі киіз басу», «Тақия» номинацияларын ұсынды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, биыл ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра орталығына Қазақстан тарапынан екі номинация бойынша құжаттар жолданды. Олар – «Маңғыстаудағы жерасты мешіттері» және «Ұлы Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық жобасы.
Түркістан қаласында «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы» атты халықаралық симпозиум өтті. Оған 15 елден жүзге жуық ғалым қатысты. Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған форум қала мәртебесін Түркі әлемінің ғылыми орталығы ретінде нығайтты.
Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін ғылыми қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, бұл сәулет өнерін жаңартуға және кесенені әлемдік мұра ретінде сақтауға мүмкіндік береді.
Елімізде алғаш рет Қарахан, Айша бибі, Арыстанбаб, Қожа Ахмет Яссауи кесенелеріне, сондай-ақ көне Отырар қалашығында заманауи цифрлық жүйелерді орнату жұмыстары жасалуда. Цифрландыру аясында электронды билет сату жүйелері, өздігінен қызмет көрсету терминалдары, турникеттер, жасанды интеллектпен жабдықталған бейнекамералар және басқа да заманауи құралдар орнатылады.


Маңызды жетістіктердің бірі –  «E-museum» порталы. Жоба еліміздегі 285 музей қорын біріктіріп, 66 мыңнан астам экспонатты қолжетімді етуге мүмкіндік береді. Порталда үш өлшемді модельдер мен виртуалды турлар бар. Сонымен қатар, бастама тарихи мұраны сақтау мен оны халықаралық мәдени кеңістікте кеңінен танытуды мақсат етеді.
Жылдың тағы бір маңызды жобасы – «E-кино» жүйесі, ол кинотеатрлардағы көрсетілімді біртұтас цифрлық есепке алады. Платформаға 68 кинотеатр қосылған. Жүйе арқылы 20 310 билет сатылды. Жоба нарықтағы ашықтықты арттырып, ұлттық кино жұмысын талдауға мүмкіндік береді.
Мәдениет ұйымдары да электронды билеттерді, өздігінен қызмет көрсету терминалдарын және заманауи бақылау жүйелерін енгізіп жатыр. Бұл өзгерістер қызмет көрсету сапасын арттырып, келушілер статистикасын есептеуге мүмкіндік береді.

JQ-Aqparat 

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі 

08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей
31 наурыз, 15:42
Отандық экотуризм: Жаңа бағыт, қарышты қадам