jasqazaq.kz

Ұстаздар еңбегі еленген күн

01 қазан 2022, 15:28

Шымкент қалалық “Опера және балет”театрында «Жарық нұры ғаламның» атты Ұстаздар күні қарсаңында мерекелік кеш өтті. Оған қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, шәкірт тәрбиелеу жолында талмай еңбек еткен және білім саласына үлесін қосып жүрген мұғалімдерді салтанатты түрде марапаттады.

Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу – аса жауапты әрі күрделі міндет екенін айтқан шаһар басшысы әрбір ұстаз құрмет пен мемлекеттік наградаға лайықты екенін жеткізді.
-Сіздер балаларға өмір бойы өздерімен бірге алып жүретін, болашағын және шынайы өмір жолына қажетті баға жетпес байлық — білім бересіздер. Сонымен бірге, қаламыздың абыройын асқақтатып отырсыздар. Сіздердің арқаларыңызда Шымкент қаласының оқушылары халықаралық және республикалық пәндік білім сайыстарынан 10 алтын, 17 күміс, 33 қола жүлдені жеңіп алды. 200-ден астам оқушы жүлделі орындарды иеленді.
Сіздердің тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында алда талай Елін сүйетін, білімді жас ортаға қосыларына кәміл сенеміз,-деді М.Әйтенов.

Білім беру саласы — қаладағы негізгі жүйе құраушы сала. 871 білім беру ұйымы 440 мыңға жуық тәрбиеленуші, оқушы мен студентті қамтиды. Бұл — әрбір үшінші шымкенттіктің осы жүйеге қатысы бар деген сөз.

Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолда өрлеу мен өсу тілеген қала әкімі М.Әйтенов салтанатты жағдайда ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Бейсенбаева Шолпан Асылбекқызын, “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен №28 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры, ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрманбекова Қарлығаш Жаркынбекқызын марапаттады.

Бірнеше ұстазға ҚР Оқу-ағарту министрлігінің “Құрмет Грамотасы” мен алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар әрбір ұстазға шаһар басшысының ықылас гүлі тарту етілді.

Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті