jasqazaq.kz

Ұстаздар 300 000 000 теңге еңбекақыдан қағылды

20 ақпан 2020, 15:28


Шығыс Қазақстан облысында мұғалімдерге қосымша еңбекақы неге төленбей отыр?

«Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт». Халық даналарының сөзі бұл. Алайда бұл нақылды қазіргі кей шенеуніктер қаперіне де ілмейтін секілді. Олай дейтініміз, Шығыс Қазақстан облысындағы мұғалімдер сауықтыруға арналған жәрдемақысын ала алмай отыр. «Жұмыстан айырылып қаламыз ба?» деп қорыққан ұстаздар заң бойынша тиесілі қаражатты тіпті сұрамаған. Ал бұл мәселеден облыстық әкімдік қызметкерлері хабардар ма?
Елімізде сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұлы мамандық иелері ұстаздардың жағдайын жақсарту үшін «Педагог мәртебесі туралы» Заң қабылданған-тұғын. Десе де бірнеше жыл бойы қордаланған мәселе бірден шешімін таппайтын секілді. Сондай түйткілдің бірі – Алтай өңіріндегі мұғалімдерге сауықтыру үшін бөлінген жәрдемақының төленбеуі.
Аты-жөнін өзгертіп беруімізді өтініп, өзін Аяужан Берікболова деп жаздырған Өскемен қаласындағы мектеп мұғалімдерінің бірі: «Бізге бұл жәрдемақы мүлде берілген емес. Ұстаздардың көбі ертең жұмыстан айырылып қаламыз ба деп қорыққандықтан ғана үндемей жүр. Алайда шыдамның да шегі бар. Сұрап отырғанымыз артық ақша емес, өзімізге тиесілі адал еңбегіміздің ақысы», – дейді.
Білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымының мүшесі Иван Соколов Еңбек Кодексінде аталған жәрдемақы жалақының бір бөлігі ретінде көрсетілгенін айтты. Демек, мұғалімдерге еңбекақылары толық төленбеуде деп айтуға негіз бар. Ол: «Өңір мектептеріндегі мұғалімдер заң бойынша аптасына 18 сағат жұмыс істеуі керек. Алайда олар кадр тапшылығына байланысты 30 немесе одан да көп сағат еңбек етуде. Жүктеменің көптігіне байланысты ұстаздарға сауықтыруға арналған жәрдемақы төленуі тиіс. Біздің анықтауымызша, Өскемен мен Риддер қалаларында бұған қажетті қаражат мүлде қарастырылмаған. Осылайша ұстаздарға берілуге тиіс 300 миллион теңге төленбей отыр», – деді.
Облыстық білім басқармасының өкілдері қазіргі уақытта осы жағдайға байланысты тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлады. Басқарма басшысының орынбасары Әсел Қайырбекова: «Бізге мұғалімдер тарапынан ақша төленбегеніне қатысты арыз-шағым келіп түсті. Осыған орай нақты қандай берешек бар екенін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілуде», – деп түсіндірді. Сондай-ақ, алдағы 2 айдың ішінде қалалардағы және ауылдардағы барлық мектептің бухгалтерлік есептері сүзгіден өткізілмек.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ,
Шығыс Қазақстан облысы

21 қазан, 18:34
Салық саясатындағы өзгерістің күнгей тұсы
21 қазан, 17:56
Қазақстанның бітімгершілік миссиясының шежіресі
21 қазан, 11:15
Агроөнеркәсіпті дамыту – мемлекетті нығайтудың көрінісі
20 қазан, 15:45
Уран өндірісінде заманауи технология мен инновацияның маңызы зор
17 қазан, 12:01
Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша көше тазалаудың жаңа форматы енгізіледі
16 қазан, 18:24
Алматыда коммуналдық техника паркі жаңартылып, жаңа қар ерітетін кешендер ашылып жатыр
16 қазан, 16:33
Медеу ауданында тұрғындардың өтінішімен 280 метрден астам баспалдақ жаңартылды
16 қазан, 16:13
Дархан Сатыбалды ауа сапасын бақылау мен заңсыз қоқыс орындарын жоюды тапсырды
06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті