jasqazaq.kz

Үшауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып келеді

30 тамыз 2022, 16:06

Үшауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып келеді

Биыл Шымкентте жеке инвесторлардың есебінен 26 мектеп ашылған. Жаңа оқу жылында 28 мың бала 1 сыныпқа барады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мың балаға артық болып отыр. Жеке инвесторлардың колдауымен ашылған мектептер Шымкенттегі білім нысандарында үш ауысыммен білім алу мәселесін шешуге ықпал етуде.

Міне, бүгін шаһарда инвестордың көмегімен 500 орындық жаңа мектеп ашылды. New line school мектебінің ашылуына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, қалалық мәслихаттың депутаттары мен қала тұрғындары қатысты.

Мақсұт Пернебайұлы келушілерді заманауи білім ордасының ашылуымен құттықтады. Қонақтар мектепті аралап, ерекшелігімен танысты.

— New line school — сингапурлық білім жүйесіне негізделген. 0-4 сынып оқушылары еркін форматта білім алады. Бір сыныпта 14-15 оқушы оқиды. Музыка және таңдауына қарай ағылшын, кәріс, итальян, корей тілдері тереңдетіліп оқытылады. Қосымша шығармашылық және спорттық үйірмелер де бар, — деді білім ұясының құрылтайшысы Гүлнара Әшірәлі.

Оқушылардың сапалы білім алуына мұнда барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Заманауи құралдармен жабдықталған сынып кабинеттері, музыкалық , компьютер, спорт, медпункт, асхана бөлмелері жаңа оқу жылына дайын. 30-ға жуық білікті ұстаз білім береді.

Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін елімізде 1 мың мектеп салу туралы тапсырма бергені белгілі. Соның ішінде 101 мектепті Шымкент қаласынан салу жоспарланған. М.Әйтеновтің айтуынша, 2 жылдың ішінде қала аумағында 50 мектеп салынған. Расында, бұл – өте үлкен жұмыс. Қалған 51 мектепті 2025 жылға дейін ашу жоспарланып отыр.

Осыдан 4 жыл бұрын Шымкентте 15 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейтін еді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде биылғы жаңа оқу жылына үш ауысымды 5 мектеппен келіп отырмыз. 2023 бұл проблеманы толығымен шешіледі. Ендігі жерде 2 ауысымды мектептерді біртіндеп 1 ауысымға көшіруге кірісеміз. Қазірдің өзінде Шымкент қаласындағы 223 орта мектептің 41-і бір ауысыммен жұмыс істеп жатыр

Расында қаржыландырудың артуының нәтижесінде көптеген мәселелер шешіле бастады. Атап айтқанда, Шымкент қаласында биылдан бастап алғаш рет бастауыш сынып оқушыларына бір мезгіл ыстық тамақ беріле бастады. Нақтырақ айтқанда 103 мың бала тегін тамақтандырылып келеді.

Оған қоса Шымкенттегі мектептердің барлығына бейнебақылау камералары, турникеттер және дабыл нүктелері орнатылып, ол полицияның бақылауына алынған. Оқушылардың қауіпсіздігін нығайта түсу үшін мектептер мамандандырылған кәсіби күзет мекемелерімен келісімшарт жасаған.

Тоқтар Жақаш

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті